Соғыс кезінде халықтың көңіл-күйі оптимизмнен қорқыныш дүрбелеңге дейін түсіп үнемі өзгеріп отырады. Қорқынышты жағдайлар туындаған кезде адамдар тез әрекет етеді және өз өмірлерін бірнеше сағатқа жоспарлайды.
Писхологиялық соққыдан өтіп, негізгі эмоциялар оралғаннан кейін, адам қорқыныш пен үмітсіздік жағдайында болып, күшті эйфорияны сезінуі мүмкін. Ресей мен Украина арасындағы соғыс 21 ғасырдағы ең құжатталған қақтығыс, өйткені әлем соғыс жайлы фотосуреттер, бейнелер, спутниктік суреттер және соғыс аумағындағы шайқастарға толы болды. Сенімді Украина жаңалықтары мен өзекті ақпараттарды baq.kz интернет-ресурсынан оқуыңызға болады.
Соғыс кезінде эмоционалды күй мен психикалық денсаулықты қорғау
Соғыс адамды физикалық және психологиялық тұрғыдан әлсіретеді. Қиын кезеңдерде эмоционалды күй мен психикалық денсаулықты қалай қорғауға болатындығы жайлы психологтардың мына ұсынған кеңестері бар:
- ресми дереккөздерге сеніңіз;
- физикалық белсенді болыңыз;
- туыстары мен достарыңызға рухани қолдау жасаңыз.
Біздің психикамыз кез-келген қиындыққа бейімделе алатындығына қарамастан, елдегі ұрыс-керістің әр күнін бастан кешіру өте қиын. Осы қиын уақытта өзіңді, туыстарыңды және жақындарыңды қолдау керек.
Соғыс уақытында балаларды психологиялық қолдау
Балалар дағдарыс жағдайларын ересектер сияқты қабылдамайды. Балалар қиын жағдайларға әлдеқайда осал, өйткені олар кішкентай және ата-аналарына немесе қамқоршыларына әлеуметтік және эмоционалды қолдауды қажет етеді.
Стресс кезінде кез-келген жастағы балалардың психологиясын түсінуге тырысу керек. Балаларыңызбен олардың сезімдерін талқылаңыз, бойындағы қорқынышты оқиғаларға мінез-құлық пен реакцияларын бақылаңыз. Бір нәрсені бірлесіп жасауға тырысыңыз, оларға бұрынғыға қарағанда көбірек уақыт бөліңіз.
Олар сіздің қорғауыңызда екенін үнемі есіне салып отырған жөн. Өмірдің қиын жағдайындағы ең жақсы терапия ойын ойнау. Балаңызға ойнауға, мультфильмдер көруге, жүгіруге және секіруге мүмкіндік беріңіз. Балаларға үнемі қолдау көрсетіңіз.